Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 16-20 мамырына дейін "KASE Global" секторындағы акциялар сауда-саттығының нәтижелерін ұсынады.
Аталған кезеңде "KASE Global" секторында шетелдік компаниялардың 118 653 акциясымен жалпы сомасы 5,2 млрд теңгеге 448 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- NL0000235190 (AIR_KZ) Airbus – жалпы сомасы 5 053,2 млн теңгеге 24 мәміле;
- US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp – жалпы сомасы 40,5 теңгеге 25 мәміле;
- US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 34,9 млн теңгеге 47 мәміле;
Инвесторлардың негізгі санаттарының арасында брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 49,9% – ы, өзге заңды тұлғалардың үлесіне 48,8% - ы, жеке тұлғалардың үлесі 1,3% - ды құрады, сақтандыру ұйымдары қатысқан жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 45 бағалы қағаздарының сауда-саттығы ашылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 19 мамырдан бастап "KASE Global" секторына Ca13321l1085 (CJJ_KZ) Cameco Corporation жай акциялары енгізілді.