Алматыда KURSIV ECOSYSTEMS FORUM 2024 шарасы өтті. Бұл нарық көшбасшыларын, реттеушілерді және сарапшыларды біріктіретін цифрлық экожүйелерді дамыту туралы алғашқы тәуелсіз пікірталас алаңы.
Қатысушылар арасында Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Kaspi.kz тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе, Қазақтелеком басшысы Бағдат Мусин, Freedom Ticketon бас директоры Виктория Торгунакова және басқалар болды.
«Экожүйе құруға IT саласының қосқан үлесі»сессиясының спикері Виктория Торгунакова компанияның экожүйеге қарай қалай бет бұрғандығы туралы айтты.
«Компанияның құрылған кездегі де және бүгінгі күндегі де мақсаты Қазақстанның мәдени нарығын жаңғырту, оның инфрақұрылымдық құндылығын көрсету болып отыр. Кең ауқымда жұмыс істеуге тура келді, өйткені біз сервис жүйесіне ұсынып отырған әрбір өнім, мейлі ол кассалық бағдарламалық қамтамасыз ету болсын, афиша сайтының витринасы болсын, оның әрқайсысы өз алдына жеке ағза ретінде қалыптасқан», — деп атап өтті спикер.
Барлығы білетіндей, «билет» әлемі жұмысын тоқтата бастаған кассалардан дами бастады, терминалдық, турникеттік жүйелер көбейді және көптеген жарнамалық әдіс-тәсілдер қолданылды. Осы бағыттардың әрқайсысында компания белгілі бір сапалық өзгерістерге қол жеткізуі тиіс болды, өйткені ол өзін IT компаниясы ретінде танытқан болатын.
Виктория билет сервисінің Freedom жүйесіне қалай интеграцияланғандығын атап өтті: «Біз аса бір маңызды өзгерістерге ұшыраған жоқпыз, өйткені холдингтің саясаты өте дұрыс жүргізілген болатын. Сөзімізге сандар дәлел бола алды. Бізде қандай да бір жат стандарттар үшін бәрін өзгерту мақсаты болған жоқ. Біз ішкі үрдістерді де өзгерткен жоқпыз. Бірақ біз аға буын әріптестеріміз жинақтай алған сараптаманы, құралдарды, маркетингтік және банктік мүмкіндіктерді, банктік қызметтерге анағұрлым оңтайландырылған тәсілдерді қолдана бастадық».
Ол сондай-ақ компанияның жоспарларымен де бөлісті: «Келесі жыл холдингтегі көптеген сервистерді өзара ықпалдастыруға арналған. Барлығы Freedom экожүйесінде өздігінен дамыған көптеген түрлі қызметтер бар екенін түсінеді және олар қазірдің өзінде қажетті құзыреттерге ие болып отыр. Соның ішінен ең жақсысын ғана алып немесе оларды басқаларға қолдану үшін ұсынатын боламыз. Лайфстайл-сегменті ретінде пайда болған азық-түлік лабораториясын атап өтуге болады: Ticketon, Aviata.kz, Arbuz.kz сервистері».
Қорытындылай келе, Freedom Ticketon қазіргі уақытта live entertainment саласында нарықтың 80 пайызына ие болып отыр, деп айталық. Олардың табысының басты құрамдас бөлігі-жылдам пайда табу емес, белгілі бір факторлар мен тактикалардың жиынтығы. Бұл компанияға Қазақстанның барлық өңірлерінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
«2015-2016 жылдардың өзінде біз адамдар мәселен, Орал қаласында онлайн сатып ала алатынын түсінетін болса, яғни, театр немесе кино билеттерін бізден ғана ала алатындығын ұғынса, бірнеше жылдан кейін, әр қалаларда ойын-сауық нарығы белгілі бір дәрежеде дамыған кезде, адамдардың біртұтас ұрпағының бойында «бір жерге бару керек еді» деген ой туындаған сәтте, олардың Ticketon деген атауы бар top of mind-пен бірге болатындығын түсінген болатынбыз», — деді Виктория.