Бүгінде адамзат баласы пайдаланатын тауарлардың 90%-ы полиэтилен және полипропиленнен жасалады. Полиэтилен пакеттері тұрмыс-тіршілікте таптырмайтын дүниеге айналды: азық-түлік тасымалдаудан бөлек, киім, техника сақтауға, қоқыс салуға, кез-келген тауарды қаптауға қажет зат. Алайда, осы қаптамалардың қолданысы үлкен экологиялық түйткілге әкеліп отыр. Жер бетінің төрттен үш бөлігін алып жатқан тіршілік көзі – су осының кесірінен алып «қоқыс жәшігіне» айналған. Мұхит – теңізден бөлек, мұндай қаптамалардың топыраққа зияны орасан зор. Ғалымдардың дерегінше, орта есеппен 20 минут қана пайдаланылатын пакеттер табиғатта 400 жылға дейін ыдырамай жата береді. Экологиялық мәселеге алаң¬дағандар полиэтилен дорбалардың өндірісіне шектеу қойды. Енді бірі қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін баламалы нұсқасын өндіруге көшті. Сондай биопакеттерді шығаруды қолға алған отандық компанияның бірі – «Алтын арна Холдинг».
Ösim бизнес журналының мәліметінше, 2011 жылы негізі қаланған кәсіпорынның құрамында 160 қызметкер еңбек етеді. Халықта өнідіріс саласында тек ер адамдар жұмыс істейді деген ой қалыптасқаны рас. Алайда, «Алтын Арнада» еңбек ететін әйелдер көп, олардың арасында 50 жастан асқандары да бар. 12 жылда компания техникалық полиэтилен шығарудан бастап, бөгеттерде, полигондарда және улы заттар қоймаларында пайдаланылатын арнайы тауар өндіруге дейін ауқымын кеңейтті. Бүгінде зауыт жылына 8 мың тонна дайын өнімді нарыққа жібереді. Жол құрылысында гидрооқшаулағыш қабат ретінде қолданылатын геомембрана да осы өндіріс орнында әзірленеді. Қазір зауытта ай сайын 500 тонна геомембрана өндіріледі.
«Зауыт жаңа ғана ашылып жатқанда бізге ешкім несие бергісі келмеген. Бастапқыда бізге 45-50 миллион теңге жетер еді, ол ақшаға біз бірінші өндірістік желі сатып алып, орауыш үлдір жасауды жоспарлағанбыз. Сонымен қатар, бас кезде зауыт орналасқан ғимарат жалға алынып отырды, бірақ, ол жерде бизнесті кеңейтуге еш жағдай болмады. Кейін компания кредит алып, оны меншік иесінен толығымен сатып алды. Одан кейін ғана жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кірме жолдар мен қоймалар салуға мүмкіндік туды», – дейді зауыттың қаржы директоры Нина Морозова.
Қаржы директорының айтуынша, «Алтын арна Холдинг» компаниялар тобының сонау 2011 жылдан бері үздіксіз дамуы Jusan Bank-пен тікелей байланысты. Алғаш кезде экструдер сатып алып, полиэтилен пленкасын шығаратын желіні іске қосу керек болған. Ол қыруар қаражатты қажет еткен. Зауыт жаңа ашылып жатқанда оларға ешкім несиебергісі келмеген. Өйткені компанияда ақша айналымы да, клиенттер де болмады. Сол кезде қолдау білдірген Jusan Bank екен.
«Алтын арна Холдинг» шығаратын полиэтилен пакеттерін супермаркет, базарларда кездестіруге болады. Оның өндірісі үшін айына 300 тоннадан 500 тоннаға дейін полиэтилен шикізаты қажет. Компания жетекшісінің сөзінше, «дайын емес өнім» бұрын Ресейден тасымалданатын еді. Бірақ, әскери қақтығыс логистиканы қиындатып жіберген. Сол себепті басқа мемлекетпен келісімшарт жасасқан.
«Мәселен, пленка өндірісінде қос және үш бұрандалы станоктар қолданылады. Мұндай механизмнің болуы материалдың мықтылығын қамтамасыз етеді. Тікелей келісімшарт жасап, Ираннан шикізат жеткізе бастадық. Бұл елдің шикізаты өзгеше, ресейлік стандарттардай емес. Ерекшелігіміз сол. Бұған қоса, жеке оқыту орталығымызды аштық. Ол жерде кәсіби біліктілігі жоқ азаматтарға білім береміз. Олар оқуды аяқтаған соң, аттестациядан өтіп, сертификат алады. Кейін жұмысқа қабылдаймыз», – дейді «Алтын арна Холдинг» компаниялар тобының негізін қалаушы, жетекшісі Ринат Минхайыров.
Қазіргі таңда «Алтын Арна» мамандары озық машиналардың арқасында біршама тәжірибе жинақтап үлгерген. Сонымен қатар, зауыттың техникалық мамандары қызметкерлерге түрлі шикізат пен жабдық үлгілерімен жұмыс істеуді үйретіп жүр.
Jusan Analytics дерегінше, Қазақстандағы пластик өндіруші нарық импортқа тәуелді болып қалыптасқан.Оның 53%-ы шетел өнімдерінен тұрады. Сол себептен жергілікті өндірушілердің құндылығы жоғары болып отыр. Бұл ретте, «Алтын Арна Холдинг» компаниясы Қазақстандағы пластик орауыш өндірушілердің ірі ондығына кіретінін атап өткен жөн. Өйткені, оның жұмысы тек ішкі нарыққа бағытталған.
Жалпы, кәсіпкерлік қызмет әр мемлекет үшін жоғары әлеуметтік және экономикалық маңызға ие. Бүкіл әлемде бизнесті қолдау, кәсіпорындарды дамыту мәселесі өзекті тұр. Бұл тұрғыда, негізгі фактор – қаржыландыру.
«Алтын арна Холдинг» Jusan Bank-пен алдағы уақытта серіктестіктің артатынына үлкен сенім білдіріп отыр. Өйткені, ақшаны айналымнан шығарып үлгермей, жұмысқа жаңа жабдық керек болып жатса, бірден банкке жүгінеді. Оның барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Овердрафт та, еңбекақы жобасы да сонда ашылған, олардың шарттары да, кешбэктері мен бонустары да ыңғайлы болып отыр.
Бизнес пен банк жұмысы қашан да бірге жүреді. Ал кәсіптің негізін қалап, оны ұйымдастыра білу – бір шаруа. Ал ол үрдістің үздіксіз жүруін қамтуға қаржы табу – үлкен іс. Сонда ғана кәсіпті дөңгелетіп әкетуге болады. Мұндай игі бастамаларда Jusan Bank қашан да оң құлық танытып, қаржылық демеу білдіріп келеді. Өйткені, жобалардың болашағына сенеді. Осылайша, ел экономикасын қолдаудың озық үлгісін көрсетіп отыр.
Айта кетсек, соңғы үш жылда Jusan Bank ШОБ секторын 900 млрд теңгеге қаржыландырды. Мұның арқасында 175 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды.