Қазақстандық бизнес Ресейдің шығындағы құрылыс компаниясын сатып алды

Қазақстандық Fonte Capital инвестициялық компаниясы ресейлік «Самолет» тобының 18% үлесін сатып алды. «Самолет» құрылыс және сату көлемі бойынша Ресейдегі ең ірі құрылыс салушылардың бірі.

«Самолет» тобы бұрын «Самолет» тобының негізін қалаушы Михаил Кениннің еншілес компаниясы «Горизонт» қорына тиесілі болған қарапайым акцияларының 18%-ын сатудың аяқталғанын хабарлады. Бұл үлесті АХҚО-да тіркелген және қазақстандық Fonte Capital инвестициялық компаниясының құрамына кіретін Fonte Inceptia Alpha Fund OEIC Limited компаниясы сатып алды.

Мәміленің құнын 4,2 млрд рубль (шамамен 25,5 млрд теңге). Компания мәміленің барлық қажетті реттеуші органдардың мақұлдауларын алғанын атап өтті.

Fonte Capital директоры Ержан Мусин мәмілені растады.

«Самолет» тобы қазіргі құрылыс көлемі бойынша Ресейдегі ең ірі құрылыс салушы. 2024 жылы ол Forbes Russia журналының ең сенімді құрылыс компаниялары тізімінде бірінші орында болды.

Топтың 2025 жылғы кірісі өткен жылмен салыстырғанда 8% өсіп, 366,8 млрд рубль болды. Бірақ таза пайда -2,3 млн рубль, яғни шығындағы компания. Ал былтыр таза пайдасы 8,2 млрд рубль болған.

Компания қазір қарызын өтеуде қиындықтарға тап болып отыр. Құрылыс компаниясы ​​үкіметтен 50 млрд рубль көлемінде жеңілдікпен несие сұрады, бірақ Ресей үкіметі көмектеспеген.

Fonte Capital компаниясымен жасалған келісім жарияланғаннан кейін компания акциясы 13,1% өсіп, 419,6 рубль болды.

Қазақстандық Fonte Capital ұжымдық инвестициялық қорлар құрады. Компания 24 қорды басқарады. Компанияның екі акционері бар: Қазақстан қор биржасында басшылық қызметтер атқарған қаржыгер Ержан Мусин және Harper's Bazaar және MARCO журналының редакторы, сондай-ақ Mrs. Kazakhstan Globe сұлулық байқауының финалисі Ксения Кибиткина.