Forbes.kz басылымы қазақстандық екінші деңгейлі банктердің 2020 жылғы рейтингін шығарды. 

Банк секторының актив сапасын бақылау мақсатында жасалған былтырдан бастап жүргізілген AQR нәтижесі таяуда жарияланды.

Банк секторының биылғы ең үлкен жетістігі таза пайданың 26% ұлғайып, 169,5 млрд теңгеге көбеюі болды, делінген Forbes басылымында.

Банк секторының активы 2019 жылы 6% көбейіп, 26,8 трлн теңгеге жетті. Соның ішінде 33%-ы Халық банкіне тиесілі.

Ал банктердің таза пайдасы 811,9 млрд теңге болды. Соның ішінде Халық банк (314,9 млрд), Kaspi Bank (175,1 млрд), Сбербанк Қазақстан (67,9 млрд), ForteBank (38,2 млрд) және Jysan Bank (35,2 млрд). Соның ішінде Kaspi Bank таза өсімі былтырғымен салыстырғанда 73% көбейді.

Есесіне АзияКредит Банк, Capital Bank Kazakhstan және Пакістан Ұлттық банкінің Қазақстандағы бөлімшесінің шығыны пайдасынан асып кетіп, минусқа түсіп кетті.

Былтыр екінші деңгейлі банктердің берген несиесі 7,1% өсіп, 14,7 трлн теңге болды. Соның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің берген қарызы 400,4 млрд теңгеге көбейсе, Халық банк портфелі 291 млрд теңгеге, Kaspi Bank – 266 млрд теңгеге ұлғайды.

27 банктің ішінде 20 банктің қарыз портфелі ұлғайды. Халық банкі әлі де бірінші орнын сақтап тұр. Бұл банктің берген қарызы 4,2 трлн теңге болды. Пайызбен есептегенде Қазақстандағы Қытай банкінің қарыз портфелі 1,7 есе өсіп, 11,4 млрд теңгеге жетті.

Ұлттық банктің мәліметінше, банк секторының 90  күннен асып кеткен қарыз көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Соның ішінде Jysan Bank – 201,9 млрд теңге, Capital Bank Kazakhstan – 29,2 млрд теңге және Bank RBK – 9,7 млрд теңге ең көп.

Банк секторының капиталы былтыр 21% өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті. 27 банктің ішінде 10 банктің капиталы 100 млрд теңгеден асады.

Депозит нарығына тоқталар болсақ, көрсеткіш 5,5% өсіп, 17,9 трлн теңгеге жетті. Көш басында Халық банк. Депозиттің 36%-ы осы банкке тиесілі. Өсу қарқыны бойынша ең алда Kaspi Bank – 405,6 млрд теңге, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – 237 млрд және ForteBank – 195,6 млрд. 

  1. «Kaspi Bank» АҚ

S&P: BB- / «Тұрақты» (07.08.2019)
Moody's: Ba2 / «Тұрақты» (27.08.2019)
Басқарма төрағасы: Павел Миронов

 

  2. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ

S&P: BB / «Тұрақты» (13.05.2019)
Fitch: BB+ / «Позитив» (03.12.2019)
Moody’s: Ba1 / «Позитив» (27.08.2019)
Басқарма төрағасы: Үміт Шаяхметова

 

  3. «Сбербанк» АҚ ҮБ

Fitch: BBB- / «Тұрақты» (03.12.2019)
Moody’s: Ba1 / «Тұрақты» (27.08.2019)
Басқарма төрағасы: Ельдар Теңізбаев

  4. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Fitch: BBB- / «Тұрақты» (04.04.2019)
Moody's: Baa3 / «Позитив» (27.08.2019)
Басқарма төрағасы: Ләззат Ибрагимова

 

  5. «ForteBank» АҚ

S&P: B+ / «Тұрақты» (06.06.2019)
Fitch: B / «Позитивн» (03.12.2019)
Moody’s: B1 / «Тұрақты» (15.07.2019)
Басқарма төрағасы: Гурам Андроникашвили

 

  6. «Altyn Bank» АҚ

Fitch: ВВВ- / «Тұрақты» (12.03.2020)
Басқарма төрағасы: Марат Әлменов

 

  7. «Банк Хоум Кредит» АҚ ҮБ

Fitch: В+ / «Тұрақты» (20.03.2020)
Басқарма төрағасы: Карел Горак

  8. «Альфа-Банк» АҚ ҮБ

S&P: BB- / «Позитив» (29.10.2019)
Fitch: BB- / «Тұрақты» (20.03.2020)
Басқарма төрағасы: Алина Аникина

  9. «АТФБанк» АҚ

S&P: B- / «Тұрақты» (25.02.2019)
Fitch: В- / «Тұрақты» (03.12.2019)
Moody's: B2 / «Тұрақты» (14.11.2019)
Басқарма төрағасы: Сергей Коваленко

 

  10. «First Heartland Jýsan Bank» АҚ

S&P: B- / «Позитив» (12.08.2019)
Басқарма төрағасы: Айбек Қайып

 

  11. «Банк ЦентрКредит» АҚ

S&P: B / «Тұрақты» (12.03.2020)
Moody's: В2 / «Позитив» (19.11.2019)
Басқарма төрағасы: Ғалым Құсайынов

 

  12. «Банк ВТБ» АҚ (Қазақстан)

S&P: BB+ / «Тұрақты» (29.10.19)
Басқарма төрағасы: Дмитрий Забелло

 

  13. «Bank RBK» АҚ

S&P: B- / «Позитив» (04.12.2019)
Moody's: В2 / «Тұрақты» (16.07.2019)
Басқарма төрағасы: Наталья Акентьева

 

  14. «Ситибанк Казахстан» АҚ

Басқарма төрағасы: Андрей Курилин

 

  15. «Еуразиялық Банк» АҚ

S&P: B- / «Тұрақты» (25.02.2019)
Moody's: B2 / «Тұрақты» (13.09.2019)
Басқарма төрағасы: Валентин Морозов

  16. «Нұрбанк» АҚ

S&P: B- / «Тұрақты» (12.03.2020)
Басқарма төрағасы: Эльдар Сәрсенов

  17. «Алматыдағы Қытай банкі» СББ АҚ

Басқарма төрағасы: Лан Вэйцзе

  18. «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ ҮБ 

Басқарма төрағасы: Лю Вэй

 

  19. «Kassa Nova банкі» АҚ

S&P: B/ «Тұрақты» (14.10.2019)
Басқарма төрағасы: Шолпан Нұрымбетова

  20. «КЗИ Банк» ҮБ АҚ

Басқарма төрағасы: Джанан Олекли

  21. «Al Hilal» Ислам банкі АҚ

Басқарма төрағасы: Гордон Хаскинс

  22. «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ

Басқарма төрағасы: Ким Хен Хван

  23. «Tengri Bank» АҚ

Басқарма төрағасы: Паван Сингх

 

  24. «Заман-Банк» Ислам банкі АҚ

Басқарма төрағасы: Гульфайруз Асаева

  25. «Capital Bank Kazakhstan» АҚ

Басқарма төрағасы: Юсуф Зия Аслан

  26. Қазақстандағы «Пәкістан ҰБ» ҮБ АҚ

Басқарма төрағасы: Рафик Мухаммад

 

  27. «Asia Credit Bank» АҚ

Басқарма төрағасы: Данияр Арынов(м.а.)