Биылдан бастап барлық қазақстандық банктер бір QR жүйесіне көшеді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова мәлімдеді.
Өткен жылдан бері Сауда және интеграция министрлігі төлемге арналған QR кодтарын стандарттаумен айналысып жатыр.
«Біз өткен жылы QR төлемдерін теңестіру үшін жұмыс жасадық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес – Халық, Каспи, Жусан. QR бар, кез келген банк бірін-бірі оқуы керек. Он POS-терминалдың болуы қажет емес, бизнестің әрбір терминал үшін төлем жасауының қажеті жоқ, нарықтың барлық қатысушыларымен жұмыс істей алатын бір терминал болсын», - деді Жанасова Нұр-Сұлтандағы E-Commerce форумында.
Оның айтуынша, биылғы жылы барлық қазақстандық банктер өз жүйелерін пысықтайды.
«Әр азаматтың кез келген терминал арқылы QR төлеуге мүмкіндігі болады, олар (QR кодтары мен терминалдар) бір-бірін оқи алады», - деп қосты вице-министр.
Өткен жылы Сауда министрлігі Қазақстанның QR көмегімен төлемді заңнамалық деңгейде бекітуді жоспарлап отырғанын хабарлады.