Тұрғын үй қорын жаңарту – халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстандатұрғын үй қорының апаттық деңнейі мен тозу мәселесі шешімін таппай келеді және күн тәртібінде өткір тұр.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың соңына қарай елде 2 мыңға жуық апатты тұрғын үйлер болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3% өсті. Онда 29 мыңнан астам адам тұрады.

Оның өзінде Алматы қаласы, сондай-ақ Маңғыстау және Жамбыл облыстары бойынша 2022 жылғы мәліметтерді ҚР СЖРА ҰСБ көрсетпеді. Өйткені бұл өңірлердегі үйлерді апатты деп тану жөніндегі комиссия ның отырысы өтпеген. 

Жоғарыда аталған аймақтарды есепке алмағанда, ең апатты үйлер Атырау (379 үй) және Ақмола (202 үй) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (195 үй) тіркелді. Көшбасшы бес өңірге Батыс Қазақстан (175 үй) және Абай (127 үй) облыстары да кірді.

Апатты үйлер – күрделі мәселе және үлкен қауіп. Бір қызығы, ҚР-да тозығы жеткен, жақын арада апатты үйлердің қатарына қосылатын үйлердің жеке статистикасы жоқ.

Дегенмен, тұрғын үйлердің жылына талдау жасайтын болсақ, жағдай мәз емес. 2022 жылдың соңындағы дерек бойынша үйлердің 30%-ы немесе 746,9 мыңы 1970 жылға дейін салынған, яғни бұл үйлердің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Өңірлер бойынша толық ақпарат төмендегі кестеде берілген.

Мұндай жағдайда тұрғын үйді жөндеу мәселесі бірінші орынға шығады.

Тұрғын үй реновациясы – уақыты біткен ғимараттарды барлық заманауи талаптармен салынған жаңаларына ауыстыру процесі. Реновациялау туралы шешім қабылдау кезінде ғимараттың ауданы, ғимараттардың тозу деңгейі, аумақта ыңғайлы әлеуметтік нысандардың (балабақша, мектеп, емхана) болуы ескеріледі.

Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген өңірлерінде 2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Мысал ретінде Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын жаңарту бағдарламасын келтіруге болады. Бағдарламаға сәйкес, қалада 1930-1975 жылдары салынған 1,4 мыңнан астам екі қабатты пайдалану мерзімі өтіп кеткен үй бар. Мұндай үйлерде 60 мыңнан астам азамат тұрады. Бұл үйлердің жартысынан көбі Түрксіб, Бостандық, Жетісу аудандарында орналасқан.

Реновация бағдарламасын жүзеге асыруға уәкілетті ұйым «Алматы» ӘКК» АҚ. 

Алматы қаласындағы реновация бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мыналар жүзеге асырылды:

  • 42 апатты үйді (322 пәтер) бұзу
  • 12 жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру (жалпы ауданы 29,6 мың шаршы метр 597 пәтер)

Биыл Наурызбай, Медеу, Әуезов, Алмалы, Алатау, Жетісу, Бостандық және Түрксіб аудандарында 90 үйді (845 пәтер) бұзу жоспарлануда.

Жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйым «Алматы» ӘКК» АҚ.

Жаңғырту бағдарламасының операторы – «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС.

Бүгінде «Алматы ӘКК» АҚ жұмысының арқасында реновация бағдарламасы аясында қалада Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында 17 тұрғын үй салынып жатыр, тағы 2 тұрғын үй (жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр 59 пәтер) пайдалануға берілді.

Реновация бағдарламасы басталғалы 374 отбасы қоныстанған. Бұл ретте тек 2022-2023 жылдары тозығы жеткен 254 тұрғын үй иесі қоныстандырылды. Сонымен қатар, уәкілетті органдар Алматы қаласының 2023–2030 жылдарға арналған тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңа, жаңартылған жобасын әзірлеуде.

Реновацияның басты мақсаты – тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу. Соның арқасында тұрғындар тұрмыстық жағдайын жақсарта алады. Бұзылған үйлердің иесіне өз үйімен бірдей үй берілген. Әрбір үй иесі сол ауданнан ауданы мен бөлмелер саны бірдей жаңа пәтер алады.

Жалпы, тұрғын үйді жөндеу біреудің қалауы емес, кезек күттірмейтін қажеттілік. Ескі және тозығы жеткен үйлер, бірінші кезекте, адам өміріне қауіп төндіреді. Мұндай үйлерде бірнеше мың адам тұратынын ескерсек, кейінге қалдыруға болмайды.

Тозығы жеткен және апатты үйлерді реновациялаудың артықшылығы:

  • Тозығы жеткен үйлер пайдалану мерзімінен асып кетті, олардың көпшілігі істен шығайын деп тұр. Қайғылы оқиға болмай тұрып, бұл мәселені шешкен дұрыс
  • Тозығы жеткен және проблемалық тұрғын үйдің иесі мемлекет есебінен жаңа пәтер алады
  • Бөлмелер саны сақталады, ал жаңа тұрғын үй қауіпсіз және жайлы
  • Пәтерлердің ауданы әдетте көбірек шығады — бұл асүйдің, дәліздің, жуынатын бөлменің және т.б. ауданның ұлғаюына байланысты
  • Жаңа үйлердің жанында автотұрақтар мен барлық қажетті инфрақұрылым болады
  • Жаңа ғимараттардағы пәтерлер қымбатырақ
  • Жаңа ғимараттарда заманауи коммуникация бар
  • Тұрғын үйлерді салу мен әрлеудің заманауи әдістерінің арқасында коммуналдық шығындар төмендейді