2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 12,5% ұлғайып 13,5 млрд долларды құрады.
Соның ішінде экспорт 1,3%азайып 7,3 млрд доллар болса, импорт 34,7% көбейіп 6,2 млрд долларға жетті.
Қазақстанның сыртқы саудасында Қытай үлесі 18,5%; экспорттың 16,8%-ы Қытайға жіберілсе, импорттың 21%-ы Қытай өнімі.
Жыл басынан бері Қазақстан Қытайға 163,2 мың тонна астық, 90,4 мың тонна арпа, 4 млн тонна темір рудасын, 44,3 мың тонна марганец рудасын, 37,1 млн тонна цинк рудасын, 85,1 мың тонна көмір, 2,5 млн тонна шикі мұнай, 5,3 млрд куб метр табиғи газ, 3,7 мың тонна жүн, 529,8 мың тонна ферроқорытпа, 28,1 мың тонна май мен өсімдік және жануар майы, 8,7 мың тонна текстиль бұйымдарын жөнелтті.
Ал Қытайдан 531 тонна кондитер өнімдері, 1,3 мың тонна дәрі-дәрмек, 9,5 мың тонна гигиеналық және косметикалық заттар, 1,7 млн дана жөңгелек пен шина, 10,6 мың тонна қағаз, карто мен целлюлоз мақтасы, 77,5 мың шаршы метр линолеум, 46,5 мың тонна трикотаж киімі, 2,5 мың тонна радиатор, 1,9 мың тонна қозғалтқыш, 9,7 мың тонна ауа сорғы, 9,6 мың тонна мұздатқыш пен тоңазытқыш, 1,7 мың тонна телефон, 303,6 мың монитор мен проектор әкелді.
Қазақстан резиденттерінің Қытай инвесторларына қарызы 12,9 млрд долларды құрайды. Бір жылда 4,1% азайды.
Қытайлар ең көп қарыз берген сала өңдеу өнеркәсібі (2,7 млрд доллар), көлік және қоймалау (2,5 млрд доллар), көтерме және бөлшек сауда мен автокөлік жөндеу (1,9 млрд доллар).
Қазіргі таңда елде Қытайдың қатысуымен 1,4 мың компания бар. Көрсеткіш былтырғыдан 9,6% көбейді. Соның ішінде 1,3 мың шағын компания, 15 орта және 20 ірі компания.
Олардың көпшілігі сауда және автокөлік жөндеу, құрылыс пен тау-кен салаларында.