Freedom Life сақтандыру компаниясының мамандары халықаралық статистикалық компаниялардың деректерін зерттеп, соңғы 10 жылда Қазақстанда білім деңгейі қалай өзгергенін және қай елдерде ең көп сауатты адамдар тұратынын анықтады.
Әлемдегі білім деңгейін бірнеше факторлар анықтайды: тегін білім беру жүйесін ұйымдастыру, университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының саны, олардың ұлттық және халықаралық рейтингтердегі орындары мен мәртебесі, халықтың сауаттылық деңгейі. Жыл сайын халықаралық статистикалық және білім беру ұйымдары ашық дереккөздерден мәліметтерді талдап, сауалнамалар жүргізіп, елдердің білім деңгейі бойынша рейтингтер жасайды. Тенденция ең жоғары білім индексін экономикасы жақсы, дамыған және прогрессивті елдер алатынын көрсетеді.
Объективті көрсеткіштерді анықтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) елдің білім саласындағы жетістіктерін өлшейтін, әлем елдерінің білім деңгейінің индексін (Education Index) әзірледі.
2024 жылғы бұл рейтингте Қазақстан 0,800 білім деңгейі индексімен 37-орынды иеленді, 0,831 индексімен 26-орынды иеленген Ресейге және 0,801 индексімен Оңтүстік Кореяға бір орынға ғана жол берді. Сонымен қатар, Қазақстан Беларусь (45-орын – 0,774 индекс), Қырғызстан (55-орын – 0,734 индекс) және Түрікменстан (60-орын – 0,717 индекс), сондай-ақ Франция (46-орын – 0,769 индекс), Италия (53-орын – 0,739 индекс) және Испания (58-орын – 0,721 индекс) сияқты еуропалық мемлекеттерді басып озды.
Бұл рейтингте Исландия – 0,938 білім деңгейі индексімен, Германия – 0,921, Норвегия – 0,914, Финляндия – 0,911 және Дания – 0,908 көшбасшы орындарды иеленді.
Қазақстандағы ең жоғары білім деңгейі 2022 жылы тіркелді. Сол кезде ел БҰҰ-ның білім беру бойынша әлемдік рейтингінде 30-шы орынды иеленген. Ең төменгі көрсеткіш — 2016 жылы болды.
Қазақстандағы білім беру
Қазақстанда 15 жастан асқан 15,5 миллионнан астам азамат оқи және жаза алады. Алайда мектепті бітірген барлық оқушылар қалаған университетте жоғары білім ала алмайды. Жыл сайын жоғары білімнің құны 14-20% аралығында өсуде. 2010 жылдан бастап кейбір елдерде қазақстандық студенттер үшін білім алу құны 10 еседен астам қымбаттаған. Орташа және төмен жалақы алатын ата-аналарға балаларының университеттегі оқу ақысын төлеу қиынға соғуда.
Жоғары білімді халық үшін қолжетімді ету мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) аясында арнайы өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы әзірленді.
«Мысалы, Freedom University ӨЖС бағдарламасы бойынша ата-ана отбасылық бюджетке ауыртпалық түсірмей, баласының жоғары білім алуына ақша жинай алады. Ол үшін сақтандыру мерзімін (3 жылдан бастап және одан да көп), жарна мөлшерін және оны төлеу кезеңділігін (айына бір рет, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет) анықтайды. Осыдан кейін 20 жылдан аспайтын мерзімге мемлекеттен сыйақы тағайындалатын сақтандырушы ұйыммен келісімшарт жасалады.
Ерікті білім беру жинақтау сақтандыруы (МБЖЖ) жылдық шамамен 8% кепілді тиімді мөлшерлемесі бар депозит ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, сақтандыру мерзімі ішінде жинақталған сома жыл сайын төленген сыйақылар мен инвестициялық табысты қамтитын есептелген сомадан 5% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы сомасына өседі», — деп түсіндірді Freedom Life сақтандыру компаниясы.