2023 жылғы 1 қазаннан 2024 жылғы 1 қазанға дейін логистика және қойма саласында жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22,4% өсіп, 111,9 мың бірлікке жетті. Қазіргі қарқын былтырғыдан екі есе дерлік жоғары (ол кезде 12,4%).
Логистика мен қоймадан бөлек білім беру (+11,6%) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (+11,3%) да жақсы өсті.
Шағын бизнес субъектілерінің логистикаға деген қызығушылығы бірінші кезекте жеке кәсіпкерлердің арқасында жанданғанын атап өтеміз. 1 қазандағы жағдай бойынша логистика және қойма саласындағы белсенді жеке кәсіпкерлердің саны 94,9 мың бірлікті құрады. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 26,8% өсті. Өз кезегінде, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 2,2%, 16,9 мың бірлікке дейін ғана өсім көрсетті.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер де өнімділікті айтарлықтай арттырды. Мәселен, қаңтар-маусым айларында қарастырылып жатқан сала бойынша 439,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 2,2 есе жоғары. Ал шағын заңды тұлғалардың өнімі, керісінше, 5,9%, 1,37 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Айта кетейік, таяуда қойма жалдаудың қымбаттап кеткенін жазғар едік.