31 тамыз күні акционерлік қоғамдастық топ-менеджерлерінің жиынтық сыйақылары туралы есеп өткізетін кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Акционерлік қоғамдастықтардың бұл есебі Ұлттық банк 2018 жылы бекіткен Эмитенттің ақпаратты ашу ережелері аясында қаржылық есептіліктің депозитарийіне ұсынылады. 

Жалпы алғанда рейтингтегі 100 компанияның барлығы басшыларына сыйақы ретінде 48 млрд теңге төлеген, ал барлық 801 компания 71 млрд теңгеден астам ақша төлеген.

Толық тізім мына сілтемеде.

Ал мына сілтемеде басшылыққа ең көп сыйақы берген топ-100 компанияның тізімі.

Депозитарийде барлығы 1200 акционерлік қоғам тіркелген. Оның ішінде 223 компания жою процедураларынан өтуде немесе әрекет етпейді. Есепті тек 801 компания ұсынды. Ал қалған жұмыс істеп тұрған 176 АҚ есепті ұсынбай, құнды қағаздар нарығы туралы заңнаманы бұзған. Енді оларды 50 АЕК көлеміндегі айыппұл күтіп тұр. Біз есептілікті ұсынған адал ниетті компаниялардың тізімін мұқият зерттеп шықтық. 2021 жылы басшылары анағұрлым көп көлемде сыйақы алған компаниялар рейтингін жасап шығардық. 

«Нақтылай айта кетсек, бұл бір жылғы жиынтық сыйақы. Яғни, бұған жалақы мен барлық 12 ай ішіндегі бонустар кіреді. Бұдан бөлек, «бір қолға» жиынтық сыйақының қорытынды сомасы нақты компанияның басқарма мүшесінің санына байланысты. Мәселен, рейтингтегі бірінші боп тұрған «Евразия сақтандыру компаниясы» АҚ атқарушы органында 8 адам бар. Ал оларға бұл 4,3 миллиардтың қанша бөлігі берілгенін компанияның өзі ғана біледі», - деп түсіндірді «Ақпараттық-есептеу орталығының» баспасөз қызметі. 

Орталықтың дерегі бойынша, тәртіп сақтайтын алматылық компаниялар өте аз болып шыққан. Мәселен, мұнда тіркелген ақционерлік қоғамның 67-сі бірден есеп өткізбеген. Екінші орында ел астанасы тұр, мұнда 33 компания есепті ұсынбаған. Өзге өңірлерде есеп өткізбегендердің саны бірен-саран.