Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірленгенін хабарлайды.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалғаны байқалады. Бұл Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын әкету бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты.

Жобада 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта екінші деңгейлі банктердің қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен әкетуге рұқсаты көзделген. Бұл ретте сома 2022 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша кассалардағы қалдық шегінде болуға тиіс. Рұқсат қолма-қол рубльдерді қолма-қол ақшасыз формаға айырбастау үшін және банктердің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында енгізіледі.