Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Құжат жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. 5 заңнамалық актісіне, соның ішінде Жер және Орман кодексіне өзгерістер енгізілуде.
Түзетулердің бірінші блогы жеке шаруашылықтарда ауылшаруашылық жануарларын жаюға арналған жайылымдық жерлер тапшылығын жоюға бағытталған.
Осы мақсаттар үшін жайылымдардың жаңа кіші түрі – «қоғамдық жайылымдар» енгізілді, ол тек жергілікті тұрғындардың өз ауласында ауылшаруашылық жануарларын жаюы үшін пайдаланылады. Олар жалға берілмейді.
Қоғамдық жайылымдарға жатпайтын жайылымдар: жалға берілетін, шөп шабу үшін пайдаланылуы мүмкін.
- Қоғамдық жайылымдарды, сондай-ақ жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне айналдыруға тыйым салынды. Шаруашылық жүргізу және мал жаю үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен (5 жылға) жерді конкурссыз алу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл мақсаттарға жер тек конкурстық негізде беріледі
- Ормандардың ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану үшін орман шаруашылығы/ табиғатты қорғау мекемелері жыл сайын әкімдіктерге орман қорының шабындық және мал жаюға болатын учаскелері туралы, алып жатқан және бос жатқан аумақтарды және олардың орналасқан жерін көрсете отырып хабарлайды
- Түзетулердің екінші блогында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарларын дайындау және бекіту талаптары жаңартылды
- Түзетулердің үшінші блогы жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен, сондай-ақ оларды суарумен күресу тетіктерін күшейтеді
- Атап айтқанда, жайылымдардың жай-күйін қалпына келтіру және жақсарту бойынша геоботаникалық зерттеу, мониторинг және жайылымдарды түгендеу, сондай-ақ басқа да шаралар қарастырылған
- Жерді пайдаланушылар мен меншік иелеріне топырақ құнарлылығының бұзылуына жол бермеу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жердің түріне сәйкес пайдалану міндеті енгізілді.