Қазақстан Республикасында биылғы оқу жылында жұмыс істеп тұрған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруұйымдарының саны – 116, оның ішінде 105 ұйым магистранттарды,
 73 ұйым докторанттарды және 18 ұйым-резидентура тыңдаушыларын даярлайды.

Жоғары білім беретін ұйымдардың жалпы санынан ұйымдардың 72,4% – жекеменшікте,25,9% –  мемлекеттік, 1,7% -  шетелдік меншікте.

Студенттер

2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны 578,2 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер –308,6 мың адам немесе 53,4%.

Студенттердің жалпы санының күндізгі бөлімінде 98,5%, сырттай –0,7% және кешкі оқу түрінде 0,8% оқиды. Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі – 21,7%, жеке ұйымдарда – 77,5%, шетелдік ұйымдарда – 0,7%.

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша есепті оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 213,4 мың адам немесе 36,9%-ыоқиды, ақылы білім беру қызметтерін 364,9 мың адам немесе білім алушылардың жалпы санының 63,1% алады.

2022-2023 оқу жылының басында қабылданған студенттер саны 163,5 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 86,2 мың адам немесе 52,7%. Оқуға түскен студенттердің жалпы санының 68,6% – жалпы орта білім беру базасында, 20,2% – техникалық және кәсіптік білім беру базасында және 11,2% – жоғары білім беру базасында қабылданды.

Есепті жылы қабылданған студенттердің жалпы санының 1,7% ТМД елдерінен, 1,2% алыс шет елдерден келді; Қазақстан Республикасынан қабылданған студенттердің үлесі 97,1% құрады.

 

Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің жалпы саны 295,1 мың адамды құрайды,олардың 24,8% жатақханаларда тұрады, ал 40%-ы жатақханаға мұқтаж.

2022-2023 оқу жылының басында 555,7 мың адам немесе студенттердің жалпы санының 96,1% Қазақстан Республикасының тұрғындары, 11,1 мың адам немесе 1,9% ТМД елдеріненжәне11,4 мың адам немесе 2% алыс шет елдерден келді. Студенттердің ең көп саны Өзбекстаннан (1,4%) және Үндістаннан (1,3%).

Магистранттар

2022-2023 оқу жылының басында магистранттардың жалпы саны 35,7 мың адамды құрады, оның ішінде 21,7 мың адам немесе 61% – әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 19,1 мың адам немесе магистранттардың жалпы санының 53,7% оқиды, ақылы білім беру бөлімінде 15 мың адам немесе 42% оқиды. Магистратураны бітіріп шыққандар 22,2 мың адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғағандар – 20 мың адам немесе 90,1%.

Докторанттар

2022-2023 оқу жылының басында докторанттардың жалпы саны 6,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 63% - әйелдер. Есепті жылы қабылданған докторанттардың саны 1711 адамды құрады, ал белгіленген мерзімнен жоғары даярлықтан өткен докторанттардың саны – 408 адам. Бітіріп шыққан докторанттар саны 1536 адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғағандар – 15,2%.

Оқытушылар

2022-2023 оқу жылының басында республиканың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында36,4 мың оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде магистрлер - 39%, ғылым кандидаттары - 29%, доценттер - 13%, философия докторлары (PhD) - 10%, ғылым докторлары - 7%, профессорлар - 6% және бейіні бойынша докторлар- 1%.