2022 жылғы желтоқсанда 124,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,5% азайған, оның ішінде тіркелген жеңіл автомобильдер саны 5,1%-ға төмендесе, керісінше жүк автомобильдерінің саны 68,4%, автобустар 2,1 есе артқан.
Осылайша 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 449,3 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 10%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жалпы автомобильдер саны 3,7%-ға артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 2,9%-ға, жүк автомобильдері – 7,1%-ға, автобустар 24,7%-ға көбейді.
Жалпы тіркеудегі көліктер арасында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 51%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 21%, 7 жылдан 10 жылға дейін – 14%, 3 жылдан 7 жылға дейін – 6%, автокөлік құралдарының тек 8%-ның шығарылған жылы 3 жылдан кем.
Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 3 696,6 мың жеңіл автокөлік жекеменшік иелігінде болған. 2021 жылмен салыстырғанда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдердің үлесі 3%-ға өсті2).
Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (472,5 мың бірлік), Алматы қаласының (448,2 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (272,9 мың бірлік) жеке иелеріне тиесілі.
Халықтың жеке меншіктегі жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілуі бойынша 100 адамға шаққанда 18,6 бірлік көліктен келеді. Өңірлер бөлінісінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының иелігіндегі жеңіл көлік саны көп болып шықты, 100 адамға 37,3 көлік, одан кейін Алматы облысы – 31,5, Қарағанды облысы – 23,6.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 49,1 млрд теңге сомасына 92 146 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды2). 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда сақтандыру төлемдерінің сомасы 29,5% өсті.