Әлем бойынша көлік жасауға қажетті микрочиптер тапшылығы мен логистика қиындықтарына қарамастан қазақстандық автокөлік нарығы оң нәтиже көрсетті.
2021 жылдың 12 айы қорытындысы бойынша 117 590 дана жаңа көлік сатылды. Бұл 2020 жылғыдан 25,9%, 2019 жылғыдан 56,4% көп.
Қазақстан автокөлік бизнесі қауымдастығының мәліметінше, 12 айда Chevrolet көлігінің 29 112 данасы сатылды. Екінші орында Hyundai (22 736). Үшінші орында Toyota (13 847). Төртінші және бесінші орындарда тиісінше Kia (9707) мен Lada (9358).
Модельдер бойынша ең көп сатылғаны Chevrolet Cobalt (14 605), екінші орында Nexia (10 809). Үшінші орында Hyundai Accent (9063), артынша Toyota Camry (5599) мен Kia Rio және X-Line (5017).
Жол талғамайтын көліктердің былтыр 38 736 данасы сатылды. ең көп сатылғаны Hyundai Creta (3673) және Toyota RAV4 (3169). Былтыр Tucson ең көп сатылған еді.
Ал премиум санаттағы кроссоверлер мен SUV-лардың сатылымы былтыр 3 976 болды. Ал седандарды да қосқанда жалпы премиум көліктердің 4 581 данасы ғана сатылған. Былтырғымен салыстырғанда 48% көбейді.
Премиум көліктердің ішінде ең көп сатылғаны Lexus (1757), BMW (1220) және Infiniti (460). Төртінші орында Mercedes-Benz (392), бесінші орында Land Rover (216).