«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ компанияны банкке айналдыру арқылы өз еркімен қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы сәрсенбі, 4 қаңтарда KASE сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

«ОнлайнКазФинанс МҚҰ» АҚ KASE-ге 2022 жылғы 15 желтоқсандағы жалғыз акционерінің «қоғамды микроқаржы ұйымынан банкке қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру» шешімі туралы хабарлады», - делінген мәтінде.

Микроқаржы ұйымын банкке қайта құру нысанында ерікті түрде қайта құруға рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысымен бекітілгенін атап өткен жөн.

«OnlineKazFinance» МҚҰ (Solva бренді) IDF Eurasia халықаралық қаржы тобына кіреді. Қаржы институты Қазақстан нарығында 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жеке тұлғаларды несиелеумен де, ШОБ-қа несие берумен де айналысады.

2021 жылдың қазан айында Forbes.kz сайтына берген сұхбатында IDF Eurasia құрылтайшысы Борис Батин микроқаржы ұйымының банк болып қайта құрылуын жоспарлап отырғанын айтқан еді.