Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының болашағы қандай?

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының болашағы қандай?

21 қыркүйекте The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде Орталық Азиядағы микроқаржы нарығы мен қаржылық қолжетімділіктің болашағына арналған кәсіби диалогтың өңірлік алаңы — Орталық Азиядағы Микроқаржы Форумы өтеді.

Форумға Орталық Азия, Еуропа және басқа да өңірлерден қаржы секторының 350–400 өкілі қатысады деп күтілуде. Іс-шара микроқаржы ұйымдарының басшыларын, мемлекеттік органдар мен реттеушілердің, халықаралық қаржы институттарының, инвестициялық компаниялар мен банктердің өкілдерін, шетелдік серіктестер мен инвесторларды, финтех-компаниялар мен салалық қауымдастықтарды бір алаңға жинайды.

Биыл Форумның іскерлік бағдарламасы саланың дамуына қазірдің өзінде ықпал етіп отырған практикалық өзгерістерге арналады. Олардың қатарында реттеуді трансформациялау, қаржыландырудың жаңа көздері, МҚҰ-ларды цифрландыру, кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл, тұтынушыларды қорғау және жауапты қаржыландыру қағидаттарын енгізу бар.

Форумның жарияланған спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің кеңесшісі, Women in Tech Kazakhstan жетекшісі Әсем Болатжан; «KMF Банк» АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов; «Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Ербол Омарханов; MOST Finance бас директоры Мират Ахметсадықов;

Іскерлік бағдарламаға жетекші халықаралық қаржы институттары мен кәсіби бірлестіктердің өкілдері де қатысады. Олардың қатарында Азия даму банкі (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Microfinance Centre (MFC), Орталық және Шығыс Еуропаның банктік қауымдастығы (BACEE), сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері бар.

Мемлекеттік органдардың, халықаралық институттар мен қаржы нарығы көшбасшыларының қатысуы микроқаржыландыруды дамытудың негізгі мәселелерін реттеушілер, бизнес, инвесторлар және халықаралық сарапшылар қауымдастығы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді.

Форум аясында микроқаржы ұйымдарын саланы дамытудың негізгі бағыттарындағы жетістіктері мен озық тәжірибелері үшін марапаттау рәсімі де өтеді. Марапаттар кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті қолдау, корпоративтік басқару, сондай-ақ клиенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау салаларындағы жетістіктер үшін табысталады.

Іскерлік бағдарламаның қорытындысы бойынша Алматы декларациясы қабылданады. Құжатта Форум пікірталастарының нәтижесінде тұжырымдалған Орталық Азия микроқаржы нарығын одан әрі дамытудың негізгі қағидаттары мен бағыттары көрініс табады.

Форумның ұйымдастырушылары — Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы және Орталық Азия елдерінің микроқаржы ұйымдары қауымдастықтарының үйлестіру кеңесі.

Күні: 2026 жылғы 21 қыркүйек
Өтетін орны: The Ritz-Carlton Almaty
Толық ақпарат, бағдарлама және тіркелу:https://forum.amfok.kz/