Қазақстан қаржыгерлерінің «Теңге: әлемдік нарыққа жол» атты XI конгресінің пленарлық отырысында сөз сөйлеген «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Ренат Бектұров Қазақстандағы қаржы технологияларын дамытуды ынталандыру үшін бірнеше факторлардың маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстанда қаржылық инновацияларды дамыту мақсатында АХҚО ең алдымен нормативтік-реттеуші жағдай мен капиталды тарту үшін орта құруға назар аударады. Бұған дейін Орталығымызда біздің реттеуші «құмсалғышта» сыналған краудфандинг сияқты жаңа қаржылық қызметтер пайда болған еді. Төрт сондай компанияның екеуі толық лицензия алды», - деді АХҚО басшысы.
Басқарушы Орталық әлі де цифрлық активтер, криптобиржалар үшін нормативтік-реттеуші ортаны әзірлеумен белсенді айналысып келе жатқанын жеткізді.
АХҚО – криптобиржалардың қазақстандық банктермен өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның бірден-бір қатысушысы. Жобаның қатысушылары арасында Binance, Ataix, Intebix, Xignal, Upbit, Bybit, CaspianEx секілді жеті криптобиржа және Halyk Bank, Аltyn Bank, «Заман-Банк», Freedom Bank, «Еуразиялық банк», Bereke Bank, «Нұрбанк», «Банк ЦентрКредит» сияқты сегіз отандық банк бар.
Пилоттық жобаның аралық нәтижелері бойынша 33 мыңнан астам тұтынушы АХҚО криптобиржалары мен қазақстандық банктер арасындағы пилоттық жоба шеңберінде қауіпсіз ортада крипто-фиат транзакцияларын жүргізе алды. Сынақ жобаның ағымдағы айналымы 200 млн доллардан асады, бұл ретте сауда үшін 67 цифрлық актив мақұлданғанын айта кеткен жөн.
Капиталды тарту туралы айта келе, Ренат Бектұров АХҚО-да мүмкіндіктер ашылып, тиісті орта құрылғанын ерекше атады. Бұл стартаптар, оларды АХҚО юрисдикциясында құрылымдау кезінде әртүрлі акциялар кластарын құруға мүмкіндік бар. Қорлар, активтер менеджерлері, венчурлық капитал үшін орта құрылды. Мысалы, бізде Quest Ventures венчурлік компаниясы тіркелген.
«Біз инвестиция нарығымен бірдей бәсекелес бола алмаймыз, бірақ компанияларға тиімді өзара әрекеттесу және қаражат тарту үшін алаң мен тиісті ортаны қамтамасыз ете отырып, инновацияның «мұзжарғышы» болуға дайынбыз», деп түсіндірді басқарушы.
Ренат Бектұровтың айтуынша, финтехті дамытудың тағы бір маңызды факторы – талантты кадрлар пулы мен білікті IT-мамандар. Қазіргі уақытта Қаржы орталығында 170-ке жуық IT-компания тіркелген. Солардың ішінде TikTok, Sergek Development Ltd, Atlas Technology Ka LTD, RahmetApp Ltd, Cerebra.ai Ltd секілді брендтер бар.
Сөз соңында басқарушы инновациялар қаржы секторын дамыту жолында да, қазақстандық қоғамның финтех саласындағы білім деңгейі мен тәжірибесін арттыруда да АХҚО-ның басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді.
Тиісті ортаны қалыптастырудың маңыздылығы туралы ескере келе, АХҚО басшысы жеке инвестициялауға арналған қосымша Tabys-қа да тоқтала кетті. Бұл тың бастама Astana International Exchange (AІX) қор биржасында дүниеге келді. Бүгінгі таңда Табыс қосымшасында 44 мыңнан астам шот ашылған, белсенді пайдаланушылар саны 14 мыңнан асады, мұнда шамамен 4 млн долларға жуық ақша инвестицияланды. «ҚазМұнайГаз» IPO-сы және KEGOC SPO-сы шеңберінде Tabys арқылы, оның ішінде банктердің мобильді қосымшаларымен біріге жұмыс істеудің арқасында жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 17 мыңнан аса өтінім берілді.
АХҚО краудфандинг және цифрлық активтер сияқты қаржылық қызметтерге қатысты озық нормативтік-құқықтық базаны әзірледі. Бұл технологиялар Орталықтың реттеуші «құмсалғышында» сынақтан өткізілді, ол өз кезегінде қаржы қызметтерін жеткізушілерге инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерін сынауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, АХҚО-ның цифрлық активтері бар қызмет жөніндегі ережелері әзірленіп бекітілді, олар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жария консультациялар кезеңі стейблкоин эмитенттері және токенизацияланған бағалы қағаздар шығару туралы актілердің жобаларынан өтті.
Краудфандингтік компаниялар мен венчурлік қорлар да мұнда белсенді жұмыс істеп келеді. Екі краудфандингтік компания АХҚО-ның реттеуші «құмсалғышынан» өтіп, жалпы сомасы 35 млн доллар соммасына жуық қаражат тартып үлгерген. Сонымен қатар, төрт краудфандингтік компания реттеуші «құмсалғышта» жұмыс істейді. АХҚО-да BT Digital Ventures Limited, MOST Investment Limited, Chevron Direct Investment Fund Limited, White hill Capital Limited деп аталатын венчурлық қорлары белсенді жұмыс істеп келеді.
АХҚО қатысушысы тек қана бір компания, мысалы iKapitalist көтерме сауда, машина жасау, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және өнеркәсіптік құрылыс салаларында отандық шағын әрі орта бизнес үшін 12,2 млрд теңге тарта білді. Binance, Bybit, BigOne, Bitfinex сияқты жаһандық ірі қаржы мекемелері АХҚО-да өз платформаларын іске қосты. Олар бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен Қазақстанның өзге қаржы қауымдастықтарына өз тәжірибелері, білімдерін бөлісуде.