Ақпан айында 125,1 мың жеңіл автокөлік тіркелді. Қазіргі деңгей статистка бюросы бақылауындағы бүкіл тарихындағы ең жоғары деңгейлердің бірі.
2023 жылдың ақпанында шетелдік көліктерді заңдастыруға байланысты автокөліктерді тіркеу күрт көбейе бастады. Артынша маусым айында тарихи максимумға жетті: 167,6 мың бірлік. Желтоқсанда да көрсеткіш артып, 166 мың болды.
Заңдастыру аяқталғаннан кейін тіркеу қалыпты деңгейге оралуы тиіс болып көрінген. Мәселен, 2022 жылы ай сайын орта есеппен 92,2 мың автокөлік тіркелген. Алайда бұлай болған жоқ. Көрсеткіш екінші ай қатарынан жоғары деңгейде қалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда 134,5 мың бірлік болған.
Қазіргі жағдайдың себебі мынау: 2023 жылдың желтоқсанында, заңдастыру аяқталып жатқанда, қазақстандықтарға шетелдік нөмірлері бар көліктерді жүргізуге тыйым салынды. Келесі жыл құқық бұзушыларды анықтауға арналған рейдтермен басталды.