Қазақстандағы қолданыстағы көліктер саны былтыр 1,9% азайып, 3,8 млн болды. 2020 жылы елдегі көлік саны 2,5% көбейіп, 3,87 млн болған еді.
Былтырғы көлік санының азаюы жаңа көліктер тапшылығы мен қолданыстан шығып қалған ескі көліктердің көбеюі. Мәселен, былтыр азайған көлік саны соңғы 5 жылдағы ең үлкен көрсеткіш.
2016 жылы көлік саны 0,3% азайып 3,85 млн болса, 2017 жылы 0,2% көбейіп шамамен сондай көлемде қалды. Ал 2018 жылы тағы 0,1% азайды. 2019 жылы тағы 1,8% азайып 3,78 млн болған еді.
Өңірлер бойынша ең көп көлік Алматы облысында (476,4 мың). Артынша Алматы қаласы (463 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (284,3 мың).