Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.
* Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.