Былтыр Қазақстанда алкогольді ішімдіктер бір жылда айтарлықтай артты. Атап айтқанда арақ өндірісі 25,3% көбейіп 27,8 млн литрге, сыра 4,2% көбейіп 722,1 млн литрге жетті.
Ал шарап өндірісі былтыр 38,2% азайып 26,8 млн литрді құраса, коньяк 11,7% азайып 9,4 млн литр болды.
Ішімдік бағасы биыл қаңтарда өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 7,2% қымбаттады. Атап айтқанда шарап пен сыра 8%, арақ 6,2% қымбаттады. Бұл соңғы шарап бағасына төрт жылдағы, сыраға соңғы екі жылдағы ең жоғарғы қымбатшылық.
Ішімдік импорты өсіп келеді. Алайда ішкі нарықтағы оның үлесі төмендеді. 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында импорттың үлесі 19,6% болды. Алдыңғы жылы көрсеткіш 21,3% еді.
Ал экспорт көлемі бір жылда 133 есе өсіп 11 айда 1,7 млн литрге жетті.