Geely брендінің Қазақстандағы дистрибьюторы 2027 жылы жергілікті өндірісті іске қосу жоспарланып отырғанын растады.
«Бұл жоба Geely-дің еліміздегі дамуының негізгі бағыты болмақ. Өндірісті локализациялау логистикалық тізбектерді оңтайландыруға және клиенттерге автомобиль сатып алудың икемді әрі тартымды шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл брендтің нарық алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерін және заманауи технологиялық шешімдерді қазақстандық автокөлік әуесқойлары үшін барынша қолжетімді етуге деген ұмтылысын дәлелдейді», — делінген компания хабарламасында.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Geely сатылым көлемі жағынан оныншы орынға ие болды. Марканың нарықтағы үлесі — 4,1%. Ең танымал модельдері: Emgrand (қатарынан екінші жыл көш бастап тұр) — 3 398, Coolray — 3 259 және Atlas — 1 597 дана сатылған.
Бұған дейін хабарланғандай, салынып жатқан зауыттың конвейеріне брендтің ең сұранысқа ие осы екі моделі қойылады.