Қазақстанда ескі көліктер көбейіп барады
Үш көліктің екеуі он жылдан асып кеткен. 

2021 жылдың қазан айы соңында Қазақстанда 3,8 мың жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,6% (немесе 100,7 мыңға) аз.

Жеңіл көліктердің 94,5%-ы жеке тұлғалардікі. Жеке тұлғалардың көлігі өткен жылғыдан 96,6 мыңға аз.

Тіркелген көліктердің үштен екісінің қозғалтқыш көлемі 1,1 мыңнан 2 мың куб см-ге дейін. Олардың саны 3,3% азайып, 2,4 млн болды.

Екінші орында 2-3 мың куб см аралығындағы көліктер. Олардың саны былтырғыдан 2,1% азайып, 1 млн шамасында.

3 мың куб см-ден көп көліктер саны 200,9 мың, былтырғыдан 1,5% аз.

1,1 мыңға дейінгі көліктер саны 46,9 мың, былтырғыдан 2% аз.

Жаңа көліктер саны былтырғыдан 12% көбейгенімен, жалпы үлесі 13,4%. Бес жыл бұрын көліктердің 15%-ы жаңа еді.

10 жылдан асып кеткен көліктер саны 4,4% азайғанымен, көліктердің 64%-ы әлі де болса 10 жылдан асып кеткен. 3-7 жыл аралығындағы көліктер саны 12,7% азайса, 7-10 жыл аралығындағы көліктер саны 16,2% көбейді.

Жалпы, былтырдан бері жаңа көлік бағасы 10,6% қымбаттаған.