2021 жылғы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу жөнінде бір жолғы зерттеу жүргізді.

Қазақстан Республикасында осы зерттеу жылына бір рет жүргізіледі. Зерттеумен 2021 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын  кәсіпорындар іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2021 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына (бұдан әрі - ҰКС) сәйкес жүзеге асырылды.

Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2021 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 895,9 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1 344,9 мың адамды) 46,4%, әйелдер (1 551,0  мың адамды) 53,6%  құрады.

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,2% қызметкерлер, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 25,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін – 36,9%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 16,6%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 10,6%, 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін – 5,0%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,6%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,8%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,5% қызметкерлер алды.

Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақысы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» (49,7%)  экономикалық қызмет түрінде белгіленген, 450 000 теңгеден жоғары жалақымен – тау-кен өнеркәсібі  (15,8%) саласында белгіленген.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медианалық мәні 157 863 теңгені құрады. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 173 249 теңгені құрады. Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 6,0 құрады.

Қазақстан Республикасы бойынша кәсіптер мен лауазымдардың топтары бойынша қызметкерлердің жалақысы

теңге

2019 2020 2021
Басшылар және мемлекеттік қызметшілер   332 440 354 462 372 148
Кәсіби мамандар   168 737 214 758 258 656
Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал   131 323 165 218 180 801
Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер   143 343 163 952 168 483
Көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері 88 958 105 414 115 420
Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары   95 163 110 576 116 203
Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары   154 665 164 963 187 084
Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері   160 020 195 694 199 264
Біліктілігі жоқ жұмысшылар   73 541 83 719 87 059

Қазақстан Республикасы бойынша есептелген жалақы мөлшері бойынша жұмыскерлер құрылымы

пайызбен

2019 2020 2021
Барлығы 100% 100% 100%
 олардан жалақыны алғандар:      
45 000 теңгеге дейін 3,4 1,8 1,2
45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін 42,7 30,8 25,8
105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін 35,6 39,2 36,9
210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін 8,9 14,2 16,6
300 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін 3,4 6,0 8,8
390 000 теңгеден жоғары 6,0 8,0 10,7

Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 146 879 теңгені, жоғары біліммен – 281 509 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 365 625 теңгені құрады. Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақысы 150 240 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін 189 051 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін 223 964  теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін 247 825 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін 226 780 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін 211 395 теңгені, 65-тен жоғары - 237 661 теңге құрады.