- Тауар биржаларының қызметінің талаптары мен ашықтылығын арттыру.
- Биржалық сауданы дамыту үшін бәсекелес орта мен шарттарды қалыптастыру.
- Биржалық сауда көлемін арттыру.
Қазақстанда биржалық сауданы дамытатын заң жобасы әзірленді
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 46-тармағына сәйкес Министрлікке тауарлық биржалар қызметін реттеуді жетілдіру заңнамасы бойынша іс-шара бекітілді.
Биржалық сауданы дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Министрлікпен биржалық сауданы жетілдіру мен дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң Жобасы) әзірленді.
Аталған Заң жобасы үш негізгі бағыт бойынша биржаны дамыту көзделген: