2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ел халқының саны 19 666,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық – 12 131,1 мың (61,7%), ауылдық – 7 535,7 мың (38,3%) адам. 2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8%-ға өсті.

 

Халықтың табиғи қозғалысы

Республика халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда       (178,9 мың адам) 3,6%-ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті  13,19 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында 263,8 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11%-ға аз (296,5 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті  20,19 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандардың саны – 91,4 мың, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 22,3%-ға аз (2021 ж. – 117,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2208 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2 345 шетінеген нәресте) көрсеткіш 5,8%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,37 оқиғаны құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізге тұрғылықты тұруға келген 9 595 адам тіркелді, ал елімізден 18 275 адам кетті, көші-қон айырымы – -8 680 адам.

Көші-қонның негізгі алмасуы ТМД мемлекеттерінің арасында. Онда кеткендер мен сол жақтан келгендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,1% және 84,4%  құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (24 711 адам), Астана (22 960 адам) және Шымкент (2 154 адам) қалаларында.