Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.
Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республикада 267 автокөлік ұрлығы тіркеліп, жылдық динамикада бірден айтарлықтай 16,3% азайған. Ескерту: 2020 жылдан бастап, коронавирустық пандемия басталғаннан бері елімізде тіркелген автокөлік ұрлығының саны жүйелі түрде азайып келеді.
Жалпы, биыл қаңтар-қыркүйек айларында барлық көлік түрлері бойынша 3,6 мың ұрлық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы 3,1 мыңнан 13,9% көп.
Өңірлер бойынша автокөлік ұрлығының басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді: 57 дерек – бір жыл бұрынғыдан бірден 46,2% көп.
Одан кейін Қостанай (31 автокөлік ұрлығы, бір жылда 19,2% көбейген) және Қарағанды (28 автокөлік ұрлығы, 24,3% азайған) облыстары. Көлік ұрлығының ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: былтырғыдай 2 оқиға.
Атырау облысында автокөлік ұрлығы санының айтарлықтай өскені тіркелді: бір жыл бұрынғы 2 оқиғамен салыстырғанда биыл 3 есе көбейіп, 6 ұрлық болды. Ақтөбе облысында ұрлық саны үш есеге жуық азайдыі: 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 оқиға болса, биыл 10 оқиға.
Қазақстанда жапон маркалары көп ұрланады, деп хабарлайды zakon.kz. Порталдың мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланса, оның 775-і, яғни 85,3%-ы табылып, заңды иелеріне қайтарылған. 19 қылмыстық топ ұсталып, олардың халықаралық байланысы тексерілуде.
Сондай-ақ, соңғы жылдары ұрланған көліктерді сатудың бір жолына айналған «егіз» көліктер мәселесі өткір болып отырғаны айтылады.