2024 жылдың 28 қарашасында Қазақстанда алғаш рет Алматыда Такси Қазақстан 2024 форумы өтеді.
Такси тасымалы – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың бес айында нарық субъектілерінің кірісі 3 373,5 миллион теңгені құрады. 28 437,5 мың адам тасымалданды.
Форумда талқыланатын тақырыптар:
- Такси нарығын реттеудің жоспарлары мен перспективалары
- Қазақстандағы такси нарығының болашағы
- Таксидегі салық және платформа жұмысы
- Такси парктерін автокөліктермен қамтамасыз ету
- Тұтынушы қауіпсіздігі мәселелері
- Такси саласын қаржыландыру және сақтандыру
- Алматы қаласының такси паркін электрлендіру
Форумның спикерлері:
- Жеңіс Мұхиев – Қазақстан такси индустриясы қауымдастығының төрағасы
- Тайыр Байдүйсен – Қазақстандағы Yandex Go компаниясының басшысы,
- Ұлыбек Қиманов урбанист, Q88 қауымдастығының мүшесі,
- Азамат Керімбаев – «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ басқарма төрағасы.
Форумның ұйымдастырушысы – «Қазақстанның такси және жалдау саласының қауымдастығы» РҚБ.
Форумның өтетін орны: «Атакент» мәдениет орталығы, 10 павильон. Басталуы сағат 09:30.