2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 15 527 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 643 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 210 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 748 адам және 735 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 2 057 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 460 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстан – 1 138 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.