Биыл жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 177,8 мың үй шаруашылығы бар — бұл былтырғымен салыстырғанда 9,4% артық. Бұл ҚР-дағы барлық үй шаруашылықтарының 5,1%-ы. Мұндай үй шаруашылықтарында 1 млн адам өмір сүреді, көрсеткіш бір жылда 4,7% көбейген.
Қалаларда 88,6 мың осындай үй шаруашылығында 455,7 мың халық болса, ауылдарда — 89,2 мың үй шаруашылығы бар, онда 560,8 мың адам тұрады.
Табысы азық-түлік себетінен артылмайтын үй шаруашылықтарына келетін болсақ, олардың саны 9,4 мың — былтырғыдан бірден 2,6 есе көп. Бұл елдегі барлық үй шаруашылықтарының 0,3%-ы. Онда 59,5 мың адам өмір сүреді — былтырғыдан 2,7 есе көп. Қалаларда 24,2 мың халқы бар 4,2 мың осындай үй шаруашылығы, ауылдарда 35,2 мың халқы бар 5,2 мың үй шаруашылығы тіркелген.
Өңірлік бөліністе табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын үй шаруашылықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелді: 27 мың — бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға аз. Оларда 207,7 мың адам тұрды, 4,8% азайған.
Бұдан әрі Алматы (18,5 мың, 40,5% көбейген) және Шымкент (13 мың, 8,7% көбейген). Алматыда мұндай үй шаруашылықтарында 98,1 мың адам, Шымкентте 76,8 мың адам тұрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтары ең аз өңір Ұлытау облысы: 1,6 мың — былтырғымен салыстырғанда 86,8% көп. Онда 9,9 мың адам тұрады.
Биыл жылдың екінші тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы жан басына шаққанда айына 47,9 мың теңгені құрады — бұл былтырғымен салыстырғанда 11,1% артық. Сонымен бірге, тұтынуға пайдаланылған кірістер 88,4 мың теңгеге жетіп, бір жылда 15,4% өсті. Тұтынуға пайдаланылған кірістердің ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатынасы бір жыл бұрынғы 177,8% болса, қазір 184% құрады.
Қарапайым тілмен айтқанда, ең төменгі күнкөріс деңгейі өмір сүру үшін жеткіліксіз.
Тұтынуға пайдаланылған кірістер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің арасындағы ең үлкен алшақтық Алматыда байқалады: мұнда қатынас 240,2%. Бұдан әрі Қарағанды (238,2%) және Солтүстік Қазақстан (231,8%) облыстары.