2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан экспорты $37,4 млрд болды, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 16% артық.
Атап айтқанда Испания Қазақстаннан тауар сатып алуды 83,8% арттырып $1,1 млрд-қа жеткізді, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Нидерландыға экспорт 46,3%, Ресейге 42,5%, Өзбекстанға 37,6%, Оңтүстік Кореяға 36,1% артты.
Сингапурға экспорт көлемі 38 есе өсіп $593,1 млн, Мальтаға 15,6 есе өсіп $284,1 млн, БАӘ-ге 76,4% өсіп $480,1 млн, Ұлябританияға 56,1% өсіп $579,5 млн болды.
Черногорияға тіпті былтыр экспорт мүлде болмаса, биыл әзірге $22,4 млн-ға жетті.
Есесіне Қытайға 3,8% азайып, $6,36 млрд болса, Үндістанға 37,8% төмендеп $1,1 млрд-ты құрады.
Сонымен қатар Жапонияға 57,1% азайып $257,4 млн, в Литваға 56,6% азайып $127,5 млн, Швейцарияға 37,4% төмендеп $673,5 млн, Ауғанстанға 23,4% төмендеп $274,5 млн, Грекияға 13,6% қысқарып $815,8 млн құрады.