Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-маусымда 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 99% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5215,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,9% кем.
2020 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 12541,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,1% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 4,8%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 2,5% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өндіріс көлемі 0,2% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 1274,9 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,4% артты.
2020 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1603 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 11,2% артық.
2020 жылғы қаңтар-маусымда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 85,4% құрады.
2020 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 276,6 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,4%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 77,2 млрд. ж-км құрап, 45,2%-ға кеміді.
2020 жылғы қаңтар-маусымда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 109% құрады.
2020 жылғы қаңтар-маусымда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 89,4%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 4613,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 87,4% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 10134,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 92,1% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 34938,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,9% азайды, соның ішінде экспорт – 22321,2 млн. АҚШ долларын (5,5% аз), импорт – 12617,3 млн. АҚШ долларын құрады (9,3% % аз).
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 452783 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 444140 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 321408 құрады, оның ішінде 313051 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы маусымда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,3%, азық-түлік емес тауарларға – 2,6%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы маусымда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18,1% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2020 жылғы мамырдағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 108808 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы мамырдағыға қарағанда 4,8% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,8%-ке төмендеді.
2020 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 196922 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы I тоқсанда 442,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы маусымның соңына 184,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2%.