Автор: Дара Айтжан

Қазақстан туризмі қазір нағыз серпінмен дамып жатыр — орналасу орындарында тіркелген туристер саны 2025 жылы 10,1 миллионнан асты, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,8% артық. Шетелдіктердің ағыны да күшейді, 1,5 миллионға жуық қонақ келіп, 15,8% өсім көрсетті. Бұл жай транзиттік ұшқын емес, адамдар біздің елде бір тәуліктен артық уақыт өткізіп, ақша жұмсап жатыр. Туризм қазір қонақ үйлер мен тамақтан бөлек, сауда, мәдениет, ойын-сауыққа да қаржы құюда — экономиканың жаңа «қозғалтқышы» болып тұр.

Инвестициялар да рекордтық деңгейде. 2025 жылы салаға 1,25 триллион теңге бағытталды, бір жылда 32% өсті. Министрлікте 328 ірі жоба жүзеге асырылуда: Hilton, Mandarin Oriental сияқты халықаралық брендтер, Ой-Қарағай курорты, Keruen Inn желісі. Бұл жобалар 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрады. 2022 жылмен салыстырғанда инвестиция екі еседен артып, Дүниежүзілік экономикалық форумның туризм рейтингінде Қазақстан 66-орыннан 52-орынға көтерілді. Бұл  жай сан ойыны емес, өңірлер экономикасын шикізаттан сервиске ауыстыру.

Алматы тау кластері — елдің туристік жүрегі. Бұрын Шымбұлақ пен Медеу жеке жұмыс істесе, енді 30 жаңа арқан жолы мен 161 км трасса бірыңғай жүйеге біріктіріледі. 2026 жылы Шымбұлаққа 2 лифт + 16 км трасса, Кіма сара шатқалында 4 лифт + 18 км салу басталады. 2027-2028 жылдары Бутаковка мен Ой-Қарағай жалғасады. Жылдық ағынды 5 миллионға жеткізу басты мақсат. Алматы 2025 жылдың 9 айында 1,8 миллион турист қабылдады, 563 мыңы шетелдік. Бірақ жазғы кептеліс пен паркинг тапшылығы әлі шешілмеген.

Бурабай — қысқа демалыстың символы. 2025 маусымында 200 мыңнан астам қонақ келді, 15% өсіммен. 10 км веложол, байқау алаңдары, марал фермалары іске қосылды. 2026 жылы экологиялық жолдар мен жаңа маршруттар ашылады. 2029 жылға қарай 94 мың турист болжамы бар, бірақ қысқы жүктеме әлі төмен — мұнда тау шаңғысы мен емдеу көздері көмектеседі.

Халықаралық медиа-шара: Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon жобасы 2026 жылдың 5 ақпанда Қытайдың Hunan TV және Mango TV арналарында премьераланады. 6 елдің әншілері Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарын, Алматын мен Астананы аралап, 7436 км жүріп, 22 күн түсірілім жасады. Миллиондаған қытайлықтарға Қазақстан «әуенмен» танылады. Жоба негізінде арнайы маршрут әзірленіп жатыр, Қытайдан туристер 400 мыңнан асты.

Туризмнің өсуімен бірге жаңа міндеттер де туындауда. Туризм министрлігі курорттарда сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қалдықтарды басқару саласындағы қиындықтарды атап өтіп, оларды шешу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады. Маусымдық кезеңдерде жол жүзіне шығу көлемі артқандықтан, көлік ағымын реттеу және жол бойындағы сервисті дамыту міндеттері күшейді. Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 52-орын қол жеткізілгенімен, сапа стандарттарын одан әрі жетілдіру қажет. Туристер саны 10 миллионнан асқан сайын, қабылдау сапасын арттыру, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және жергілікті тұрғындардың қанағаттануын қамтамасыз ету маңызды болып отыр.

2026 болжамы: Туристер 11-12 миллионға жетеді, инвестициялар 1,3 триллионға жақындайды. Бірақ сан қуып, сапаны ұмытпау керек,әйтпесе жол кептелістері мен қоқыс таулары туризмнің ренессансын тоқтатады. Туристер көбейген сайын жергілікті тұрғындардың өмірі де жақсарса керек, сонда ғана бұл сала нағыз жеңіс болады.