Қазақстан шетелге 61,8 мың автокөлік экспорттады

Көрсеткіш былтырғыдан 19% көбейген. 

Статистика бюросының мәліметінше, Қазқастандағы автокөлік өндірісі жыл басынан бергі тоғыз айда 19% өсіп рекордтық 61,8 мыңға жетті. 

Жыл басынан бері осылайша жалпы құны 556,9 млрд теңгенің техникасы шығарылды. Былтыр көрсеткіш 460,9 млрд теңге болған еді.  

Ал автокөлік өндірісіне салынған инвестиция жалпы машина құрастыру саласына құйфлған қаражаттың 21%-ын құрап, 9,6 млрд теңгеге жетті. 

Экспортқа келер болсақ, Қазақстан автокөлік өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, қаңтар-қазан аралығында шетелге 9,7 мың көлік сатылған. Көрсеткіш былтырғы осы уақыттағыдан 60% көп. 

Осылайша, Қазақстандағы жасалған көліктердің 16%-ы шетелге сатылып жатыр. Былтыр экспорттың үлесі 10% болған еді. Алдыңғы жылы бар болғаны 5% болған. 

Қазақстандық көліктерді алушылар Ресей (5,6 мың, былтырғыдан 2 есе көбейген), Өзбекстан (3,6 мың, былтырғыдан 13% көп). 

Сонымен қатар Қазақстан көліктері Қырғызстан мен Беларусьте де өтімді. Ол елдерге тиісінше 110 және 464 көлік жөнелтілген. 

Ең көп экспортталатын көлік Chevrolet. "СарыарқаАвтода" жасалатын бұл көліктің 4 мыңы шетелге сатылып кетті. Көрсеткіш былтырғыдан 92% көп. Одан кейінгі орында 2,3 мың көлігі сатылған JAC маркасы. Бұл көліктердің экспорты 2,2 есе ұлғайған. 

Тағы Ещё 3,5 мың Қазақстанда жасалған Hyundai көлігі шетелге сатылды. Көрсеткіш 19%  көбейген.