Алдын ала деректер бойынша Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді.
2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі тауарлар экспорты 2 298,7млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (1,2% көп), импорт – 5 426,9 млн. АҚШ доллары (7,4% көп).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93,1%, Қырғызстан Республикасына – 3,8%, Беларусь Республикасына – 3,1%, Армения Республикасына – 0,06% келеді.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша ең жоғарғы өсім – 3,2 есеге өсу байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (42,1% аз).
Импортта бидай мен меслиннің өсімі байқалады – 3,2 есе. Бұл ретте ЕАЭО елдерінен жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарын алу көрсеткіші төмендеген (43,6 % аз).