Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу бекетінде жөндеу жұмыстарына байланысты 300-ге жуық жүк көлігі жиналып қалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«2024 жылдың 4 қарашасындағы жағдай бойынша Атырау облысындағы «Құрманғазы» бақылау-өткізу бекетінде Ресейге бет алған 280-ге жуық жүк көлігі жиналды. Кептеліске Атырау-Астрахань тас жолындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы себеп болып отыр, соның салдарынан автокөліктер саны күрт артты», — делінген хабарламада.
Комитеттің түсіндіруінше, бұл өткізу пункті күніне 200 көлікті арналған, ал қазір мұнда күніне 250-300 көлік келеді.
«Мәселені жедел шешу үшін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пункттегі қызметкерлердің санын 14 адамға дейін арттырды. «CarGoRuqsat» электронды кезек жүйесі арқылы тасымалдауға рұқсат етілді, ол өткен жылдан бастап ЕАЭО елдерімен 30 бақылау-өткізу пунктінде іске қосылды, оның ішінде Құрманғазы биыл 9 қыркүйектен бастап жұмыс істейді», — деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Мекеме қазір электронды кезек жүйесі ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын және барлық жүргізушілердің өтуге рұқсаты бар екенін атап өтті.