Қазақстан делегациясы қатысқан 21-ші қытайлық халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы 2023 жылы Қытаймен агроөнеркәсіптік өнімнің тауар айналымы 1,7 есе өсіп,1,3 млрд доллардан асқанын айтты.
Қазақстан Қытайға ең көп дәнді және майлы дақылдарды, өсімдік майларын экспорттаса, ҚХР-дан жеміс-көкөніс өнімдері, цитрус жемістері, жаңғақтар импортталады.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін, 6 млрд долларға өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін өндіреді.
Соңғы 5 жылда АӨК өнімі экспортының жалпы көлемі 2 есе артып, 5,4 млрд долларға жетті. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізу жоспарлануда.
Қазақстан бидайдың әлемдегі жетекші 10 экспорттаушысының қатарына кіреді және ұн экспорты бойынша жетекші орынға ие. Өнімдер Қытайда да жақсы сұранысқа ие. Мәселен, былтыр ҚХР-ға астық экспорты 5,5 есе өсіп, 1,4 млн тоннаға жетті. Екі мемлекет басшылары жақын арада Қытай нарығына астық жеткізу көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаласты және қазақстандық тараптың жеткізуді жедел режимде жүзеге асыруға дайын екендігіне сендірді. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар Қытайға 1,1 млн тонна астық жөнелтті», — деді АШМ басшысы Айдарбек Сапаров.
ҚазақстандаҚытай инвесторларының қатысуымен Қазақстан аумағында бірқатар маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылды, оның ішінде СҚО-да рапс майын өндіру, Түркістан қаласында түйе және бие құрғақ сүтін өңдеу және өндіру. Шамамен 700 млн доллар сомасына тағы 5 инвестициялық жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.
Шара барысында қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ҚХР компанияларымен 1 млрд доллардың келісімге отырды