2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2023 жылғы маусым айында 0,5 трлн теңгеге немесе 1,4% ұлғайып, 36,0 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 1,0% өсім).
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен индекстік компаниялар акцияларының бағаларын өсуі есебінен 2,2% немесе 0,5 трлн теңгеге 22,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 8,0% өсім).
KASE индексі 2023 жылғы маусымда 3 604,8 тармаққа дейін 3,2% өсті (2023 жылдың басынан бастап – 10,9% өсім). 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда тізімдерінде 87 эмитенттің 101 акциясы болды. Ағымдағы жылғы маусымда акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Ай Қараауыл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және «Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)» СК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемін төмендету есебінен бір айда 70,8% немесе 23,1 млрд теңгеге азайып, 9,5 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы маусымда 0,1% немесе 12,8 млрд теңгеге 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 9,2% төмендеді).
Биыл маусым айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 142,9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 57,2% немесе 52,0 млрд теңгеге артық.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 89 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 361 шығарылымы болды.
2023 жылғы маусымда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 31,6% немесе 45,6 млрд теңгеге 189,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
«KASE Global» секторында 44 түрлі акция және 14 шетелдік эмитенттің ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2023 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 0,8% ұлғайып, 1,2 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік облигация 2023 жылғы маусымда 6,0% немесе 1,4 трлн теңгеге 24,9 трлн теңгеге дейін өсті.
2023 жылғы маусымның қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 45,4%-ға немесе 507,4 млрд теңгеге ұлғайып, 1 624,9 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 73,9% немесе 536,5 млрд теңгеге 1 262,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 48 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 23 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелінің өсуі (5,0 млрд теңгеге немесе 2,7%) есебінен ағымдағы жылғы маусымда 5,9 млрд теңгеге немесе 2,1% ұлғайып, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 286,3 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 252,3 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 88,1%-ын бағалы қағаздар портфелін құрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Бұдан басқа, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Ағымдағы жылғы маусымда инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 685 494 қосалқы шотқа дейін 1 245-ке немесе 0,2% өсті (2023 жылдың басынан бері 24,6% немесе 135 мың қосалқы шотқа өсу). Активтері жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын инвесторлардың брокерлік шоттарын ескере отырып, Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1,9 млн шот тіркелген.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылғы маусымда 11,3% ұлғайып (2023 жылдың басынан бері 33,0% өсім), 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 769,9 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы маусымда міндеттемелер 17,9% 294,0 млрд теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 69,5% өсім). Меншікті капитал 7,6% 475,9 млрд теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 17,3% өсім).