2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялар нарығындағы сауда-саттықтың көлемі 44,5 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,0 % төмендеді. 2021 жылдың алдыңғы төрт айлық кезеңімен (қазан-желтоқсан) салыстырғанда 86,5% төмендеді.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2022 жылдың сәуірінде акциялармен мәмілелерге тартылған жеке тұлғалар шоттарының саны өткен айға қарағанда 31,3 %-ға артты. Жеке тұлғалар үшін акциялардың брутто-айналымында ақшалай мәнде 2022 жылдың алдыңғы айында 55,2 %-дан 44,0 %-ға дейін азайды. Сәуір айының соңында "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – ОД) жеке тұлғаларға ашылған 329 024 жеке шоттар болды, бұл өткен айдың соңына қарағанда 15 636 шотқа артық. Төменде жеке тұлғалардың ОД-да ашылған, KASE акцияларымен сауда- саттыққа тартылған шоттар ("Мәмілелердегі шоттар") санының динамикасы, осындай шоттарда акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналымы, олардың көрсетілген айдағы акциялармен сауда-саттықтың жалпы брутто- айналымындағы мәмілелер үлесі туралы ақпарат келтірілген.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) нарықтың барлық секторларында сауда-саттық көлемі 86 714,8 млрд теңгені (баламасы 190 602,3 млн АҚШ долларын) құрады және 2021 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 85,0%-ға (долларлық мәнде 71,7%-ға) өсті. 2021 жылдың алдыңғы төрт айлық кезеңімен (қыркүйек-желтоқсан) салыстырғанда 14,0 % өсті.