Қазақстан ет және сүт өнімдерімен өзін өзі 90% қамтамасыз етеді, деп хабарлайды LS басылымы.
Атап айтқанда, ет және ет өнімдерінің 87,2%-ы ішкі өнім болса, 12,8%-ы импорт. Соның 97%-ы ішкі нарыққа сатылса, қалған 3% экспортқа жөнелтіледі.
Шұжық өнімдерінің 56,9%-ы Қазақстанда өндірілсе, қалған 43,1%-ы импорт. Соның 99,9%-ы ішкі нарыққа сатылады да, 0,1%-ы экспортқа кетеді.
Күнбағыс майының 80,7%-ы ішкі өнім, 19,3%-ы импорт. Ішкі нарыққа сатылатыны 79,3%, экспортқа кететіні 20,7%.
Сүт өнімдерінің 86,5%-ы ішкі өнім, 13,5%-ы импорт. ішкі нарыққа сатылатыны 94,3%, экспорт 5,7%.
Ұнның 99,4%-ы отандық өнім, 0,6%-ы импорт. Ішкі нарыққа сатылатыны 56%, экспорт 44%.
Күріштің 97,7%-ы отандық өнім, 2,3%-ы импорт. Ішкі нарыққа сатылатыны 52,8%, экспорт 47,2%.
Макарон өнімдерінің 82,3%-ы отандық өнім, 17,7%-ы импорт. Ішкі нарыққа сатылатыны 67,1%, экспорт 32,9%.
Қанттың 47,5%-ы отандық өнім, импорт 52,5%. Ішкі нарыққа сатылатыны 99,3%, экспорт 0,7%.