Қазақстан қор биржасында "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ 10 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
"KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00008043 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар", KFUSb31) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды", делінген хабарламада.
Әр облигация құны 1000 теңгеден, жылдық табыстылығы 9,5%.
Айта кетерлігі, 10 млн облигация 1 лотпен шығарылады.
Сауда "Банк ЦентрКредит" АҚ, "BCC Invest" АҚ арқылы жүргізіледі.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.