Қазақстан жыл басынан бері ЕАЭО елдері ішінде ең көп сыртпен сауда жасаған және сырттан тауар тасуды көбейткен ел.
"Тауар түрлері бойынша ЕАЭО елдерінің экспорты негізінен минеральды өнімдерден (жалпы экспорттың 65,8%-ы), металдар мен металл бұйымдары (8,7%), азық-түлік пен ауыл шаруашылық шикізаты (6,6%) құрайды. Осылардың шамамен 80%-ы Ресей экспортына тиесілі. Ал ЕАЭО мүшелері сырттан негізінен машина, құрылғы және көлік құралдарын (жалпы импорттың 41,7%-ы), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18%), азық-түлік пен ауыл шаруашылық шикізаты (13,3%) сатып алады. Импорттың да 80%-дан астамы Ресейге тиесілі", – деп хабарлайды ЕАЭО-ның статистика департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда ҚР Президенті ЕАЭО-да әр мемлекеттің ұлттық мүддесін ұмытпау керектігін айтып, одақтың кейбір нормаларын сынаған еді. Оны мына сілтемеден оқи аласыздар.Жалпы, ЕАЭО ішінде Қазақстанның Ресеймен саудасы басым екені белгілі.
Осы орайда, биылды есепке алмасақ, 2019 жылға дейін, ЕАЭО құрылғалы бес жыл ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі былай қалыптасты.
Қазақстанның Ресейден импорты | ||||
2015 жыл | 2016 жыл | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
$10,5 млрд | $9,1 млрд | $11,5млрд | $12,4 млрд | $14 млрд |
Қазақстанның Ресейге экспорты | ||||
2015 жыл | 2016 жыл | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
$4,5 млрд | $3,5 млрд | $4,5 млрд | $5,2 млрд | $5,6 млрд |