Қазақстан Еуропалық Одаққа шикі мұнай экспорттайтын елдер арасында үшінші орында, деп хабарлайды Econovis.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ЕО елдері 2024 жылы күніне барлығы 9,1 млн баррель мұнай импорттады. Соның ішінде:

  • АҚШ – тәулігіне 1,40 млн баррель (15,4%);
  • Норвегия – 1,10 млн баррель (12,1%);
  • Қазақстан – 1,05 млн баррель (11,5%).
  • Ливия – 0,67 млн ​​баррель (7,4%);
  • Сауд Арабиясы – 0,66 млн баррель (7,2%);
  • Ирак – 0,57 млн ​​баррель (6,3%);
  • Нигерия – 0,54 млн баррель (5,9%);
  • Бразилия – 0,45 млн баррель (4,9%);
  • Ұлыбритания – 0,41 млн баррель (4,6%).

2024 жылы Қазақстан барлығы 68,6 млн тонна мұнай экспорттады.