Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов 2021 жылғы желтоқсандағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы айтты.
Желтоқсан айында елде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (қарашада – 8,7%). Аймақтар бойынша жылдық инфляция 16 өңірде баяулап, тек Нұр-Сұлтанда ғана (8,6%-дан 8,8%-ға дейін) жеделдеді.
Ең көп баяу үрдіс Түркістан облысы (қарашада 9,0%-дан желтоқсанда 8,3%-ға дейін) мен Жамбыл облысында (8,8%-дан 8,1%-ға дейін) тіркелді.
Елімізде азық-түлік бағасының өсуі баяулап, 9,9%-ды құрады (қарашада – 10,9%). Азық-түлік бағасының ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында қалыптасты (11,8%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өсуін жалғастыруда (8,3%-дан 8,5%-ға дейін). Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола (9,8%), Ақтөбе және Қарағанды облыстарында (тиісінше 9,6%-дан), ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында (7,7%) байқалады.
Ақылы қызметтердің бағасы желтоқсан айында 6,5%-ға өсті (қарашада – 6,4%). Жалпы республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары бағалар Шығыс Қазақстан облысында (8,0%), едәуір төмен көрсеткіш Ақтөбе облысында (5,3%) тіркелді.
Елдегі айлық инфляция соңғы 5 жылдағы орташа айлық мәннен төмен белгіге өтіп, 0,6%-ды құрады (2016-2020 жылдары: 0,8%). 2021 жылғы желтоқсанда баға Нұр-Сұлтанда (0,9%) және Ақтөбе облысында (0,8%) ғана тарихи нормадан жоғары көтерілді. Ақмола облысында бағалар өзгерген жоқ, ал қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны өз нормасынан төмен қалыптасты.