Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев баяндамасында осылай деді.
«Мұнай өндірудің өсуін және жаңа теңіз жобаларын іске қосуды ескере отырып, орта мерзімді перспективада министрлік «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп, қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша», — деді.
Айта кету керек, Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) бағыты бүгінгі таңда ең перспективалы бағыттардың бірі, өйткені осы бағыттағы қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін дамытуға және жүйелі түрде арттыруға біздің тарапымыздан да, әзірбайжандық әріптестеріміз тарапынан да қызығушылық бар.
«2024 жылға БТД арқылы 1,5 млн тонна қазақстандық мұнай жеткізу жоспарлануда. Осы бағыт бойынша жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізуді ұлғайту перспективалары зерттелуде», — деді.