Қазақстан Үкіметі Азия даму банкінен мемлекеттік кепілдікпен 400 млн доллар көлемінде қарыз алмақ. Қаражат «ҚазАвтоЖол» компаниясына Сарыағаш қаласының айналма жолын салуға жұмсалады.

Жоба Өзбекстанмен шекарадағы көлік ағынын жеңілдетіп, өңірлер арасындағы байланысты күшейтеді деп болжанып отыр.

Азия дамі банкінің Қазақстандағы директоры Утсав Кумардың айтуынша, жол құрылысы елдің транзиттік әлеуетін арттырады.

«Сарыағашты айналып өтетін жол Қазақстанның Шығыс Азия мен Батыс Еуропа нарықтарымен сауда-логистикалық байланысын нығайтады. Бұл елдің өңірлік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді ол.