2024 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ «Омбы-Павлодар-Шымкент-Шағыр мұнай құю эстакадасы» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 75 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдады.
2024 жылдың сәуір айында «ҚазТрансОйл» АҚ 50 мың тонна көлеміндегі ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына жөнелту жоспарлап отыр.
2024 жылы жалпы көлемі 550 мың тоннаға дейінгі мөлшерде Ресей мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына транзитін қамтамасыз ету жоспарлануда.
2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна ресейлік мұнайды тасымалдады.
«ҚазТрансОйл» АҚ ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес тасымалдайды.