Қазақстан АҚШ-қа 20 түрлі маңызды  минералдың дайын өнімін экспорттайтын болды. Бұл туралы АҚШ-та өткен маңызды минералдар жөніндегі конференцияда белгілі болды.

Отырыстың шеңберінде Ермек Көшербаев қатысушыларды маңызды минералдар саласындағы Қазақстанның әлеуеті және елдің сенімді әрі тұрақты жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастыруға практикалық үлес қосуға дайындығы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанның минералдық-шикізаттық ресурстарының ауқымды қорына, оларды өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базасына, заманауи инфрақұрылымына, тұрақты саяси жүйесіне және болжамды реттеуші ортаға ие екенін атап өтті.

Қазақстан Геологиялық қызметінің (USGS) тізбесіне енгізілген 60 маңызды минералдың 20-сы бойынша дайын өнім түрінде жеткізілімдерді қамтамасыз етуге қабілетті екені аталып өтті, бұл өнімдер әлемдік экономиканың стратегиялық салаларында жоғары сұранысқа ие.

Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды. Аталған құжат Мемлекет басшысының 2025 жылғы қарашада Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған және Орталық Азиядағы осындай форматтағы алғашқы келісім болып табылады. Меморандум Қазақстан аумағында өңдеу қуаттарын дамыту, технологиялар трансферті және қазақстандық өнімнің АҚШ нарығына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.